• 20.04.2024

«Қазіргі заман сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері»

Авторkaznai

Қар 13, 2023

«Сахна саңлағы Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған «Қазіргі заман сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ  «ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ»  ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлер одағының төрағасы, өнертану кандидаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75-жылдығына арналған «Тұңғышбай Жаманқұлов. Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері,  «Қазіргі заман сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Өнердің Махамбеті» атты шәкірттерінің ұйымдастыруымен шығармашылық кеші өтті. Тұңғышбай Қадырұлының мерейтойына арнайы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты және көптеген ресми ұйымдар мен мекемелерден, Халықаралық ұйымдардан, өнер ұжымдарынан құттықтау хаттары келіп түскен. «Тұңғышбай Жаманқұлов. Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Аман Бекенұлы Құлбаев  және театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әубәкір Сыдықұлы Рахимов, сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов қатысты.

          Түсау кесер рәсімінен кейін «Қазіргі заман сын-тәуекелдер жағдайындағы театр ғылымы мен білімінің өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Халықаралық конференцияның модераторы – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы болды. Жиынға Ташкент қаласындағы Өзбекстанның мемлекеттік мәдениет және өнер институтының профессоры, өнертану докторы, театртанушы Сарвиноз Мухсинқызы Кадырова, Бішкек қаласынан келген көрнекті театр және кино актері, Қырғыз Республикасының Ел артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Одуракаев Бусурманкул Кожокулулы арнайы қатысты. Еліміздің белгілі театртанушысы, өнертану кандидаты, доцент, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің вице-президенті – Мұқан Амангелді Оразбайұлы а«Ер еңселі Тұңғышбай» атты баяндамасымен конференцияның шымылдығын ашып берді. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ахетов Мамай Қаниұлыда өз баяндамасын оқыды.

Қазіргі таңдағы театр мәселелерін, атап айтқанда, актерлік өнер, режиссура және визуалдық өнер, жаһандану заманындағы ұлттық театр өнерінің өзекті мәселелері жан-жақты көтеріліп, оны шешудің жолдары қарастырылды.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия