2024 жылдың 25 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Венера Алпысбаева өз докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Ғалымның зерттеу жұмысы Қазақстанның эстрадалық өнеріндегі мюзикл мен рок-опера жанрларының даму үрдістері мен болашағына арналған. «Эстрада өнері» мамандығы бойынша жазылған диссертация қазақ тілінде ұсынылып, зерттеу нәтижелері жоғары бағаланды.
Ғылыми кеңесшілері:
Тони Димитрова Шекерджиева-Новак, Болгарияның Пловдив қаласындағы А.Диамандиев атындағы академиясының профессоры;
Гульнар Абдрахмановна Бегалинова, өнертану кандидаты, «Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасының профессоры.
Ресми рецензенттер:
Гульнар Жанабергеновна Кузбакова, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті (Астана қ.);
Айзада Зейкеновна Бултбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті.
Диссертация қорғау барысында жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы ерекше аталып, Өнер Диссертациялық кеңесі бірауыздан Венера Алпысбаеваға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы Венера Нагметдуллақызын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Бұл табыс қазақстандық эстрада өнерінің ғылыми тұрғыдан дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.