• 19.05.2024

«Жасанды интеллект жəне өнер» атты ағылшын тілі апталығы

Авторkaznai

Ақп 23, 2024

Шет тілдер жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 26.02-01.03 аралығында «Жасанды интеллект жəне өнер» атты ағылшын тілі апталығы өтеді.

АПТАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

26 ақпан 2024 ж., сағат 9.30, кинозал.

«Жасанды интеллект жəне өнер» атты тіл апталығының ашылу салтанаты.

Академия студенттері қатысатын «smART-point» интелектуалды ойыны.

26 ақпан 2024 ж., сағат 11.00, 20 аудитория.

«Artificial Intelligence in Art» тақырыбында жасанды интеллектің нағыз өнерде алатын орны мен тигізетін әсерін баяндайтын бейне- роликтер байқауы.

27 ақпан 2024 ж., сағат 10.00, кинозал.

«How to get empowered, not overempowered, by Artificial Intelligence» тақырыбында дебат, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасындағы пікірталас. (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, AlmaU, Абылай-хан атындағы ҚазХҚжƏТУ, Əл- Фараби ҚазҰУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясы).

28 ақпан 2024 ж., сағат 10.00, кітапхана оқу залы.

Заманауи студенттердің жасанды интеллектке көзқарастарын талқылайтын «ART lounge» өнер алаңы.

29 ақпан 2024 ж., сағат 13.00 кинозал.

 «Artificial Intelligence and Art» тақырыбында республика бойынша шығармашылық ЖОО мен колледж студенттерінің қатысумен ұйымдастырылатын сөз сөйлеу шеберлігі бойынша ағылшын тілі пәнінің «Speech Contest 2024» олимпиада-конкурсы.

Барлық іс-шара ағылшын тілінде өткізіледі.

01 наурыз 2024 ж., сағат 16.00, кинозал.

«Жүрегімізде тыныштық болсын. Достық сағаты» атты Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысумен өтетін Алғыс күніне арналған Халықаралық дөңгелек үстел.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия