• 20.04.2024

30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Кино және ТВ» факультетінің ұйымдастыруымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында студенттер үшін арнайы шеберлік сағаттары жүргізілді.

«Бастау» фестивалі аясында жүргізілген шеберлік сабақтарды қазылар алқасы және фестиваль қонақтары студенттердің кәсіби тәлім алуы мақсатында өткізді. 

Шеберлік сағаттары киносаладағы жаңашылдық төңірегінде байқауға арнайы келген шетелдік өнер майталмандарымен кездесу форматында ұйымдастырылды. 

Шығармашылық кездесулер тізімі: 

30 қараша – Илья Глинников, актер. Лекция тақырыбы: Актерлік шеберлік бойынша шеберлік сағаты;

2 желтоқсан – Татьяна Федоровская, кинорежиссер. Лекция тақырыбы: Режиссура бойынша шеберлік сағат және BAFTA сыйлығының иегері фильмінің көрсетілімі;

2 желтоқсан – Ханна Мироненко, продюсер. Лекция тақырыбы: Фестивальное продвижение в эпоху пандемии;

3 желтоқсан – Юрий Быков, кинорежиссер. Лекция тақырыбы: Режиссура бойынша шеберлік сағат.

«Бастау» расымен де жас таланттарға берілген үлкен мүмкіндік. Бұл фестивальдің арқасында студенттер кино саласындағы шеберлермен пікір алмасып, кәсіби шеберліктерін арттыра алды. Кездесу барысында кино мамандығы туралы қызықтыратын сауалдарды қойып, мағлұмат алуға мүмкіндік туды.

Айта кетейік, Алматы қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Бастау»халықаралық фестивалі 30 қарашада басталды. 

Приемная комиссия