• 16.04.2024

«Философия» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін нәтижелері

Авторkaznai

Сәу 20, 2023

«Философия» пәні бойынша  Республикалық  студенттік  пәндік олимпиада жеңімпаздары!

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және Саясаттану факультетінің «Философия» кафедрасы, 2023 жылдың 19-сәуір күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында«Философия» пәні бойынша  Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

       Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы атынан төменде көрсетілген екінші курс студенттері қатысып жүлделі 3-ші орынға ие болды.

        Бірінші және Екінші турларға «Өнертану» факультетінің студенттері «Философия» пәні  білімдерін көрсете білді:

  • 1 Арапбай Айару – «Өнертану» мамандығы
  • 2 Абзалбай Айару – «Кинотану» мамандығы
  • 3 Қалиматова Гүлім –  «Кинотеледраматургия» мамандығы

       Шығармашылық сайыста «Театр өнері»  факультеті,   «Драма театры және кино артисі»,  «Театр және кино  гримі»   мамандығының студенттері «Шәкәрімнің соңғы күні» тақырыбы бойынша Спектальдік  көрінісін қойып берді

  • 1 Шегенбаев Елдос  
  • 2 Әбдібек Дәулет
  • 3 Адильхан Ерсултан
  • 4 Рысдәулет Нұрасыл
  • 5 Жұматай Жомарт

«Театр өнері»  факультеті факультеті,  «Театр және кино  гримі» мамандығы

  • 1 Шарипова Шұғыла
  • 2 Орынбай Жансая

«Дәстүрлі  музыкалық өнер» кафедрасы   «Халық әндері» мамандығы

 Хамидолла Шерхан

Олимпиадаға қатысушы команданың ғылыми  жетекшісі:  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік» кафедрасының доценті филос.ғ.к.  Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия