• 25.04.2024

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024

Авторkaznai

Сәу 9, 2024

«Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен интеллектуалдық инновация» тақырыбына ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 2024 жылдың 8–12 сәуір аралығында

Бағдарламасы

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы Ғылым апталығын өткізу игі дәстүрге айналды. ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың отырысын ақпараттық сүйемелдеуге және насихаттауға бағытталып, «Қазақстанның қазіргі заманғы өнері: зерттеу серпіні мен интеллектуалдық инновация» тақырыбына арналады.

8 сәуірде сағат 11.00 (Астана уақыты) өтетін Ғылым апталығының ашылу салтанатында Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың отырысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жасалатын баяндамалар:

1. Құттықтау сөз – Халықов Қ.З., ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор;

2. «Ел  тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады» – Алимжанова А. Ш., филос. ғ. к., «Қазақстан және әлеуметтік ғылымдар» каф. меңг.;

2. «Қазақстан киноиндустрия саласындағы жаңа серпін» – Бакеева М.Қ., PhD, «Кино және ТВ» факультетінің деканы;

3. «Қазақстандағы Art-менеджменттің дамуы мен болашағына аналитикалық шолу» – Мусабаев К. М., э.ғ.к., «Арт-менеджмент және продюсерлеу» каф. доценті.

8 сәуірде 11.30-де (Астана уақыты) Ғылыми-редакциялық бөлімнің (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамымен (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтеді. 

2024 жылғы 11 сәуірде сағат 14:00 (Астана уақыты бойынша) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-зерттеу орталығы кафедралармен, кітапханамен, өнер ЖОО-мен және шетелдік серіктес ЖОО-мен бірлесе отырып, шығармашылық университеттердің магистранттары арасында «Үздік постерлік баяндама» IV халықаралық онлайн байқауын өткізеді.

Ғылым апталығы-2024 шеңберінде алғаш рет 11 сәуірде сағат 13:00-де (Астана уақыты) Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (Алматы қ., Қазақстан) “Арт-менеджмент және продюсерлеу” кафедрасының ұйымдастыруымен “Өнер-2024” креативтік индустриядағы Халықаралық шығармашылық жобалар мен стартаптар байқауы өткізіледі. Конкурс студенттердің, магистранттардың шығармашылық және кәсіпкерлік белсенділігін дамыту және жастарды шығармашылық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға, қатысуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

9 сәуірде сағат 10:00-де (Астана уақыты) “Кино және ТВ “факультетінің 30 жылдығына арналған “Қазіргі аудиовизуалды кеңістіктегі” Кино және ТВ “факультетінің дәстүрлері мен инновациялары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10 сәуір күні сағат 10:00-де (Астана уақыты) Академия кітапханасында «Қазіргі кезеңдегі музыкалық өнер эволюциясындағы дәстүрлер мен инновациялардың өзара әрекеттесуі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы  өткізіледі.

11 сәуірде сағат 10:00-де (Астана уақыты) Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (Алматы қ., Қазақстан) Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Орта Азия мен Қазақстандағы ғылымның қалыптасуы және даму перспективалары” атты жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер шақырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия