Желтоқсан айының ақырғы күндері Көркем сурет кафедрасының студенттері кітап графикасы білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсырды.
Кітап графикасы қазіргі таңда еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Бағдарлама аясында студенттер бірегей графика, линогравюра, афорт, литография сияқты заманауи техникаларды қолдана отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
Комиссия мүшелері студенттердің семестрлік жұмыстарын жоғары бағалап, олардың кәсіби деңгейіне оң баға берді. Бұл жетістіктер білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Болашақ мамандарымызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!