• 31.01.2023

«Көңіл-күй» көрмесінің ашылуы өтті.

Авторkaznai

Қаң 25, 2023

24.01.2023 ж. ҚР МСМ МК «ТЕМИРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ» РММ  фойесінде «Операторлық өнер» БББ 1 курс студенттерінің «Көңіл-күй» көрмесінің ашылуы өтті. Іс – шараның ашылуында «Кино және ТВ»  факультетінің деканы –Мурсалимова Г.А., «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер»  кафедрасының меңгерушісі – Баймуханова С. З., курс шебері – Шляпников А.В.  сөз сөйледі.

 «Операторлық өнер» БББ  бойынша студенттерінің фотокөрмелерін өткізу тәжірибесі «Кино және ТВ» факультетінде бұрыннан пайда болған. «Көңіл-күй» фотокөрмесінің мақсаты-студенттердің түсірілім объектілері мен ойлауының жан-жақты көрінісі, олардың кадрдың композициялық және тоналды шешіміне жеке көзқарасын көрсету. Тек қана адамның ғана емес, сонымен қатар пейзаж бен  заттың көңіл-күйін көрсете білу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия