• 28.04.2024

«Сценография» кафедрасы XVI Студенттік Республикалық пәндік олимпиадасының (ішкі) I кезеңі өткізілді.

Авторkaznai

Дек 6, 2023

          2023 жылдың 22 қарашасы күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Сценография» кафедрасында «Мультимедиялық сценография» мен «Театр және кино гримі» мамандықтары бойынша XVI Республикалық Пәндік олипиадасының бірінші кезеңі өтті.

Студенттердің шығармашылық қабілеті мен мамандыққа деген қызығушылығын арттыратын бұл олимпиаданың басты мақсаты: студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра, оларды кәсіби шыңдау, шығармашылық  таланттарын ашу болып табылады.

Олимпиадаға «Сценография» кафедрасының 1,2,3,4 курс студенттері белсенді түрде қатысып, бақтарын сынап, берілген тапсырманы уақытылы атқарды. Комиссия мүшелері әр студенттің жұмысын талқылап, кем-кетіктерін айтып, бағыт-бағдар берді. Республикалық пәндік олимпиадада  (ішкі)  топ жарған  «Мультимедиялық сценография» мамандығының 18 студенті және  «Театр және кино гримі» мамандығының 11 студенті келесі кезеңге жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия