• 03.12.2024

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — Жаңа Қазақстанның басым міндеті»

Авторkaznai

Ноя 1, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл және жастар саясаты бөлімімен бірлесіп 2022 жылғы 02 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — Жаңа Қазақстанның басым міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шараға Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Әлімжанова Әлия Шарабекқызы, кафедра ПОҚ және академия студенттері қатысады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың тұжырымдамалары мен тетіктерін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айту.

Дөңгелек үстелді өткізуге жауаптылар: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Әлімжанова, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты бөлімінің басшысы А. А. Әнуар, з. ғ. к. М.Б. Үсенова, аға оқытушылар К. Е. Тауенов, М. О. Жұмағұлов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия