• 17.05.2024

«Шығыс жұлдыздары: ұрпақтар сабақтастығы»

Авторkaznai

Қар 3, 2023

2023 жылдың 3 қарашасында «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасында Тілдер апталығы аясында «Шығыс жұлдыздары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Шәкәрім мұрасы – ұлт қазынасы» атты кеш өтті. Мерекелік кеш ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Іс-шараға «Кино және теледидар» факультетінің 2 курс студенттері қатысты.

          Кеш бағдарламасы бойынша Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолын жан-жақты көрсететін деректі фильмнен үзінділер көрсетіліп, оған талдау жасалды. Шығармашылығы бойынша шағын баяндамалар жасалып, нақыл сөздері мен өлең жолдарынан үзінділер оқылды. Студенттердің «Шәкәрім Құдайбердіұлының ататегі» тақырыбындағы ғылыми зерттеулерге негізделген  баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Шәкәрім Құдайбердіұлының ой-пікірлерін кеңінен насихаттауға арналған республикалық деңгейдегі челленджді академия студенттерінің  қолдап, жалғастырғандығы жиналғандардың шынайы ықыласын тудырды. Кештің ұйымдастырылу деңгейі мен тәрбиелік мәні  жоғары болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия