• 28.05.2024

24.10.2023г

Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды. Биыл Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жоба қорытындысы бойынша 13 жас 1 000 000 теңгенің иегері атанды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен өткізілуде. Грант берудегі басты мақсат – жастардың белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету болып табылады. «Кино және ТВ» факультеті 6В02184 Режиссура / «Көркем фильм режиссурасы» білім бағдарламасы бойынша 4 курс студенті Ыдырыс Алмат Болатұлы «Медиа» жобасын жүзеге асыру мақсатына 1 000 000 теңге грант ұтып алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия