• 27.09.2022

«Ұлт ұстазы – Ахмет» жас ақындар айтысы

Авторkaznai

Нау 9, 2022

Ардақты айтыс сүйер ағайын!

11-наурыз күні көрнекті ғалым, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты жас ақындар айтысы өтеді. Оған ақын, ұстаз, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Қалиевтің шәкірттері қатысады. Алтынбек Ибрагим, Бекжан Базарбек, Алтынай Қанапия, Мейірбек Саламатов, Райымбек Өтепов, Жанарыс Тілеубек, Ердәулет Сардар, Әбілқайыр Нұртай, Нұрислам Абитилда, Жалғас Қазыбек сияқты жас ақындардың айтысына куә болыңыздар!

Сөз додасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған руханият жанашырлары құрметті қонақ болады. Серік Қалиевтың өлеңдері оқылып, әндері шырқалады, ақынның жаңадан жарық көрген «Жасынның оты» жыр жинағының және академияданың қолдауымен шыққан «Жамбылдың өрендері» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

Демеушіміз: Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры
Ұйымдастырушысы: Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы
Айтысты ақын, журналист, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жағыпарұлы жүргізеді.
Уақыты: 11 наурыз, 10:00
Орны: Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқу-театр залы, Панфилов көшесі 127

Приемная комиссия