• 10.05.2024

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ! ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП және КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ!

Авторkaznai

Нау 1, 2024

         Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті 2024 жылдың 16-18 сәуір күндері өтетін «Топжарған» атты талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:

– «Өнертану» факультетіне жазушылық, сыншылық қабілеті бар дарынды жастарды тарту;

– кино, театр және бейнелеу өнерінің туындылары туралы насихаттауды, оларды зерттеп-зерделеп, шығармашылық-ғылыми көзқарас білдіруге құштарлық танытып жүрген және пьеса, сценарий, тележобалар жазуды армандайтын талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;

– І орын алған байқау лауреаттарына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 6В02195 – «Өнертану» ББ-ның «Өнертану», «Кинотану», «Театртану», «Кинотеледраматургия» бейіндері 2024-2025 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтихан тапсырмай, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.

– жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;

– дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.

Ұйымдастырушы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Өнертану» факультеті.

Жауаптылар: Ә.Жанболат және Ғ.Жақсымбет, М.Сарыбай, З.Ыдырыс

Байланыс телефондары:     8 727 / 281-82-91 (деканат)

                                          8 707 490 18 66 (Ғани Жақсымбет)

Электронды мекен-жай: onertanu2014@mail.ru.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия