• 19.03.2024

«Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

      Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  “Кино тарихы мен теориясы” кафедрасы  2002 жылдың бірінші сәуірінен “Өнертану” факультетінің құрамында  “кинотану” және “кинотеледраматург” бағыттары  бойынша мамандар даярлайтын дербес кафедра болып  табылады, сонымен қатар, “Өнертану”, “Кино және ТВ” факультеттерінің барлық мамандықтары бойынша кино өнерінің тарихынан, кино теориясынан дәріс беретін жалпыакадемиялық маңызыға ие. Бастапқы кезеңде  “Өнертану” жалпыакадемиялық кафедра құрамында “кинотану” секциясы түрінде қалыптасты.

Кинотану бағытында студенттерге кәсіби білім беру бағдарламасы “Кино сыны”, “Кино теориясы”, “Көрсетілімдік семинар”, “Арнайы семинар” сияқты пәндерден құралады. “Қазақ киносының тарихы”, “Әлем киносының тарихы”, “ТМД елдерінің киносы” пәндерінен лекция және семинар сабақтары кино мамандықтары бағытында негізінен 1-2 курстарда оқытылады. Екінші курстан бастап студенттерге  “Кино теориясы” мен “Әлем киносының тарихы” бірнеше  бөлімдер бойынша  тереңдетіліп оқытылады (Европа киносы, Америка киносы, Азия киносы). Білім беру жүйесінің мемлекеттік стандарттарына сәйкес қосымша мынандай пәндер де оқытылады: “”Мамандыққа кіріспе, “Анимация тарихы”, “Фильмнің бейнелік шешімі”, “Шығармашылық психологиясы”. Оқытылатын негізгі пәндер кинофильмдер көрсетілімімен толықтырылып отырады. 


Кафедраның  профессор-оқытушылық құрамы

   Кафедраның ашылуы мен былайғы қалыптасу  тарихына өнертану кандидаты, профессор, танымал кинотанушы Б.Нөгербек және профессор Әкім Таразидің сіңірген еңбегі зор болды. Кинотанушылардың алғашқы шеберханасын профессор Бауыржан Нөгербек 1993 жылы, кинодраматургтердің алғашқы  шеберханасын профессор Әкім Тарази 1994 жылы қабылдады. 
   Қазіргі уақытта кафедра құрамындағы “кинотеледраматургия” шеберханаларында  қазақ өнерінің белгілі тұлғалары, жазушы-драматургтер Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Сұлтанәлі Балғабай, Ахмет Ақмоншақ, Мұрат Холганат дәріс береді. “Кинотану” мамандандыруы бойынша  курс жетекшілері  – Дәрежан Өмірбаев, Баубек Нөгербек, Гүлнар Мурсалимова, Айдар Алма, Амирбекова Дана, Джумабеков Ержан .


    Кафедраның оқытушылық құрамы шығармашылық, ғылыми-ізденіс бағытында республикалық, халықаралық деңгейде барлық іс-шараларға белесене араласады. Кафедрада 4 профессор, 3 доцент, 2 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 2 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 3 Қазақстанның  еңбек сіңген қайраткері, сондай-ақ 1 Халықаралық және республикалық кинофестивальдер лауреаты дәріс береді. 


Кафедра түлектері бүгінгі күні кино-телебизнес саласында қызмет ететін білікті мамандар болып табылады. Олар мемлекеттік және коммерциялық телеканалдардағы режиссерлер, продюсерлер, кинодраматургтер, тележүргізушілер қызметінде еңбек етеді.

«Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының мақсаты мен міндеттері

«Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы шығарушы мәртебесіне ие болып табылады. Кафедра «кинотану», «кинотеледраматургия» мамандандыру бойынша өнер және мәдениеттің түрлі салаларының мамандарын дайындауға жауапты.

«Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының мақсаты – жоғары білікті, бәсекелесуге қабілетті мамандарды дайындау, белсенді азаматтық ұстанымға ие жан-жақты үйлесімді тұлғаларды тәрбиелеу. Бұл мамандар қарқынды түрде дамып  келе жатқан әлемде өзін-өзі кемелдендіру мен дамытуға бейімделген, жаңа ақпараттық технологияларды игерген және келесі қабілетке ие:

  • кино өнері дамуының негізгі тенденцияларын тарихи, теориялық, заманауи аспектілері арқылы зерттеу арқылы Қазақстан кино өнерінің мағынасын әлемнің көркемдік үрдісімен байланыстыра отырып айқындау;
  • Қазақстан кино өнерін даму жолдарын заманауи өнертану тұжырымдары мен әдістемелері арқылы болжау;
  • «кинотану», «кинотеледрамтургия» мамандандыруы бойынша кәсіби дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыру.

 «Өнертану» («Кинотану», «Кинотеледраматургия») білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы оның мақсаты мен даму жоспарымен тығыз байланысты және үш саты бойынша жүргізіледі: бакалавриат, магистратура, докторантура.

 Кафедраның негізгі міндеттері:

  • кафедрада бекітілген пәндеріне сай оқу, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  • кәсіби және арнайы пәндер бойынша мамандарды дайындау формаларын үйлестіру (дәріс, СОӨЖ, СОЖ);
  • оқу жоспарына сәйкес пәнаралық байланыстардың сақталуын бақылау;
  • кафедра бағыты бойынша зерттеу жүргізу және нәтижелерді жариялау (монографиялар, мақалалар, оқу құралдары, жинақтар);
  • магистратура және докторантура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
  • студенттер арасында кәсіптік бағдар және тәрбие жұмысын жүргізу;
  • оқу үрдісін жетілдіру (білім беру сапасын және «кинотану», «кинотеледраматургия» бойынша мамандарды дайындау сапасын ұлғайту, кәсіптік білім беру деңгейін ұлғайту);
  • оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер жазуына көмек көрсету мақсатында әдістемелік жұмыс жүргізу;
  • кешенді, кафедраралық, факультетаралық және жоғарғы оқу орындары арасындағы ҒЗЖ-на қатысу;
  • студенттердің зерттеу ортасын, инновациялық қайраткерлігін дамыту;
  • ПОҚ біліктілігін арттыру үшін әдістемелік семинарлар өткізу.
Приемная комиссия