• 13.06.2024

«Аралас деңгейлі сыныптарда шет тілдерін оқыту»

Авторkaznai

Мам 20, 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ                   

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы 2024 жылдың 3-7 маусым аралығында әдістемелік семинар-практикум өтетінін назарларыңызға ұсынады. Тақырыбы: «Аралас деңгейлі сыныптарда шет тілдерін оқыту».

Семинарға әртүрлі типтегі білім беру ұйымдарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар, ізденушілер, студенттер, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселеге қызығушылық танытушыларды шақырады.

Семинардың мақсаты: әртүрлі тілдік деңгейдегі студенттер оқитын топтарда шетел (ағылшын) тілін оқыту әдістемесі бойынша  практикалық тәжірибе алмасу.

Өткізілу түрі: практикум (workshop).

Семинар бетпе-бет және қашықтықтан қатысуды қамтиды.

  • Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысу нысанына қарамастан сертификаттар беріледі (72 сағат).
  • Өткізілу орны: Алматы, Панфилов көшесі, 127
  • Өткізу күні: 3-7 маусым 2024 ж.
  • Тіркелу уақыты: 9.30 .

Семинарға қатысушыларды тіркеу englishteachers44@mail.ru. электрондық поштасына жіберілген нысан арқылы жүзеге асырылады (1-қосымшаны қараңыз). Тіркеу жарнасын төлеу Kaspi Bank арқылы +7 777 258 65 81 нөміріне аудару негізінде  жүзеге асырылады.

  • Қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі телефондарға қоңырау шалыңыз:
  • +7 777 258 65 81 – Жанар Султанована
  • +7 747 686 85 97 – Канжаркуль Жаксылыковна
  •  +7 701 411 12 28 – Татьяна Станиславовна

Қосымша 1

Қатысушының толық аты-жөніОқу орнының толық атауыБайланыс мәліметтері: телефон нөмірі және электрондық поштаЕскертпелер
    
    
    

Әдістемелік семинарды ұйымдастыру комитеті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия