• 10.12.2022

Бақтияр Албанимен кездесу өт

Авторkaznai

Қар 7, 2022

«Кино және ТВ» факультеті  «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының студенттері шеберлік сағаты аясында белгілі тарихшы, этнограф және публицист Бақтияр Албанимен кездесу өткізді. «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Қасымқызы Ахметованың модераторлық етуімен жүргізілген бұл кездесуде, түбі бір түркі жұртының тарихын зерттеп жүрген танымал ғалым ерте орта ғасырлардағы адамзат тарихындағы ең ірі мемлекеттердің бірі  – Түркі қағанатынан бастап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіне дейінгі тарихы туралы баяндап, Ұлы даланы мекендеген көшпелілердің көркем мәдениеті мен өнері, дүниетанымы мен салт-дәстүрлері жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Сонымен бірге, ол қазіргі отандық экрандық өнеріндегі тарихи тақырыптарға түсіріліп жүрген туындыларға қатысты тарихшы-этнограф ретінде өз пікірін білдіріп, болашақ киногерлер ретінде студенттерді қазақтың тілі, ділі, діні және руханиятына жат ұғымдар мен түсініктердің  ұлтымыздың үлкен экраны арқылы насихатталып, таралуына жол бермеуге, тарихи оқиғалар мен деректерді шынайы бейнелеуге шақырды.

Бақтияр Албани кездесу соңында студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия