• 05.12.2021

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы»

Авторkaznai

Қаз 20, 2021

Құрметті Академия білім алушылары!

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысына 18.09.2021 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, келесі ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз:

Заңды күшін жойған редакция Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды  тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері 3-тарау. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендияның мөлшерi   17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 1) даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге; 2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 (қырық екі мың) теңге; 3) интерндерге – 47431 (қырық жеті мың төрт жүз отыз бір) теңге; 4) магистранттарға – 66913 (алпыс алты мың тоғыз жүз он үш) теңге; 5) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 125000 (бір жүз жиырма бес мың) теңге; 6) докторанттарға – 150000 (бір жүз елу мың) теңге; 7) дәрігер-резиденттерге және денсаулық сақтау саласындағы магистранттарға – 76 951 (жетпіс алты мың тоғыз жүз елу бір) теңге; 8) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлық ақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес деңгейде; 9) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді. 18. Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді. 19. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді. 20. Көру және есту қабілеттері бойынша мүгедектердің, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балалардың, сондай-ақ аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың («Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарды қоспағанда) ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар. Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.  18.09.2021 ж. заңды күшіне енген редакция Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды  тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері 3-тарау. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендияның мөлшерi 17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 1) даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 31423 (отыз бір мың төрт жүз жиырма үш) теңге; 2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 50400 (елу мың төрт жүз) теңге; 3) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерге – 50400 (елу мың төрт жүз) теңге; 4) интерндерге – 59289 (елу тоғыз мың екі жүз сексен тоғыз) теңге; 5) магистранттарға – 76950 (жетпіс алты мың тоғыз жүз елу) теңге; 6) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 143750 (жүз қырық үш мың жеті жүз елу) теңге; 7) докторанттарға – 172500 (жүз жетпіс екі мың бес жүз) теңге; 8) даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға 172500 (жүз жетпіс екі мың бес жүз) теңге; 9) даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға – 88494 (сексен сегіз мың төрт жүз тоқсан төрт) теңге; 10) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде; 11) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді. 18. Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 20948 (жиырма мың тоғыз жүз қырық сегіз) теңге мөлшерінде белгіленеді.  
      _________________20-1. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық апат аймағында тұратын білім алушыларға стипендия төлеу экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін коэффициент қолданыла отырып белгіленеді.