• 09.12.2021

«Бөрте» Еуропаның төрт бірдей театрында сахналанатын болады

Авторkaznai

Қаз 21, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында «Заманауи театр өнеріндегі инновациялық-мультимедиалық ізденістер» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Түркістан музыкалық драма театрында премьерасы өткен Д. Исабековтың «Бөрте» қойылымының шығармашылық жетістігі, мультимедиялық жаңашылдығы мен шетелдік мамандардың қолданған тәжірибесі талданды.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Халыққа жолдауында аталған «Креативті индустрияны» театр саласы бойынша дамыту үшін үздік мультимедиялық спектакльдер шығару, мультимедия-сценограф мамандарын сапалы дайындау мен мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.