• 29.03.2024

«Кино сыны» пәні бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі болып өтті

Авторkaznai

Нау 29, 2021

«Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы ағымдағы жылдың наурыз айының 17 күні ZOOM платформасында «Кинотану» мамандандыруы бойынша «Кино сыны» пәнінен Республикалық Пәндік Олимпиадасының II турын онлайн форматта өткізді. Кафедрада білім алушы 2-3 курс студенттері олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне белсенді атсалысып, әлем және қазақ киносының тарихымен жақсы таныс екендіктерін және бүгінгі кинематографиялық үрдістегі мәселелер туралы өзіндік жеке пікірлерін білдіре отырып, фильмдерге жан-жақты талдау жасады.

Салтанатты шараның алғы сөзін «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Күлжан Наурузбекова бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Олимпиадаға қатысушылардың назарына келесі тақырыптар ұсынылды:

  1. Кино – қоғамдық-мәдени сананы қалыптастыру құралы ретінде
    1. Заманауи медиакеңістік мәселелері: қазақ киносының телеарналар және Интернет арқылы таралуы
    1. Кинодағы өмірбаяндық жанрдың ерекшелігі, танымал тұлғалардың экрандық бейнесі

Олимпидаға кинотанушы, кафедра меңгерушісі, профессор К.К. Наурузбекова төрағалық етті.

Мүшелері:  

  • Муқышева Назира Рахманқызы ҚазҰӨУ-нің доценті, өнертану кандидаты;
  • Нөгербек Баубек – «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті, PhD;
  • Айдар Алма – «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD;
  • Машурова Аида – «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD;

Олимпиада қорытындысы бойынша:

  • I орын – Қамашбек Ақерке (Ғылыми жетекшісі: Наурузбекова К.К. – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры;
  • II орын – Бақберген Сағыныш (Ғылыми жетекшісі: Айдар А.М. –  Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы, PhD), Нұрланова Құндыз  (Ғылыми жетекшісі: Мукушева Н.Р. –  Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану кандидаты);
  • III орынды – Әли Әлішер (Ғылыми жетекшісі: Наурузбекова К.К. – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры), Абдыкаменов Ернар  (Ғылыми жетекшісі: Мукушева Н.Р. –  Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану кандидаты), Нагиметова Аружан  (Ғылыми жетекшісі: Мукушева Н.Р. –  Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану кандидаты) иеленді.

Сондай-ақ, ынталандыру алғыс хатына Дәрібаева Айя (Ғылыми жетекшісі: Айдар А.М. –  Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы, PhD), Бақытжан Еркежан (Ғылыми жетекшісі: Наурузбекова К.К. – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры), Темирхан Дария (Ғылыми жетекшісі: Смаилова И.Т. –  Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертану кандидаты) ие болды.

Приемная комиссия