• 19.04.2024

«Кітапханаға кітап сыйла»

Авторkaznai

Ақп 15, 2022

Құрметті оқырман! Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті – рухани жаңғыруда екені анық.Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз. Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып,Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының әлі де жалғасын тауып келе жатқандығын хабарлайды.

Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға үлесін қосып, Жетісу жыршылық мектенбін жалғастырушы, фольклор жинаушы, сазгер, қазақ өнеріне тың туындыларымен келген, өзіндік қолтаңбасы, өз жолы, өз үні бар өнер иесі Әбіш (Әбдіберік) Баймұханбетұлы Әділбек  «Жыраулар сөзі-тарихтың көзі» кітабын және «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» титандық дискісін сыйға тарту етті.

Білім ордасына кітабы мен  титандық дискісін сыйға тартқаны үшін Әбіш (Әбдіберік) Баймұханбетұлы Әділбекке алғысымызды білдіреміз.

Приемная комиссия