• 05.12.2021

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі өтті.

Авторkaznai

Мау 4, 2021

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Кітапхананың ұйымдастырумен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі өтті.

Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрмеге Ата Заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», Ж. Ішпекбаевтың «Мәңгілік Ел осылайша сомдалған», Д.Махаттың «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», Жұмекен Нәжімеденовтың 3 томдық шығармалар жинағы т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы турасындағы кітаптар, фотоальбомдар, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды.

#РәміздерКүні

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған