• 28.11.2021

«ОТАНЫМ-БАҚ МЕКЕНІМ»

Авторkaznai

Қар 23, 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «ОТАНЫМ-БАҚ МЕКЕНІМ» атты патриоттық әндер байқауы 20 қарашада өз мәресіне жетті. 100-ге жуық қатысушы ішінен 17-сі финалға лайық деп табылып, Академияның оқу театрында өз өнерлерін көрсетті.

Жеңімпаздар тізімі:
1-орын – Бекнұр Арипұлы Аминов, Сулейман Демирель атындағы университет студенті;
2-орын – Хасан Бахтиярұлы Сыдықов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті;
3-орын- Бекзат Бимағанбетұлы Әмір, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті.

3 ынталандыру сыйлығы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінен келген триоға бұйырды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан Логистика және көлік академиясының студенті Мейіржан Талғатұлы Нурмуханбетовке, Алматы технологиялық университетінің студенті Данагул Сұлтанқызы Сулеймановаға және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті Іңкәр Жарқынқызы Рысқұлға көрермен көзайымы сыйлықтары берілді.

Айта кетейік, басты шарттар – ән айта білу мен шығармашылық мамандығының шәкірті болмауы керек еді.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толайым табыстарға қол жеткізе берулеріңізге тілектеспіз. Мерейлеріңіз үстем болып, жарқын жеңістеріңіз көп болсын!

#ЖүргеновАкадемиясы
#ОтанымБақМекенім
#Тәуелсіздікке30жыл