Оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторинг қызметінің құжаттары
Оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторинг қызметі (бұдан әрі-ОҮҰжМ қызметі) Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұдан әрі мәтін бойынша – Академия) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ОҮҰжМ қызметі Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңын, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» туралы ережелерін, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің және

Т. К. Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясының ішкі тәртіп ережелерімен, академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.
ОҮҰжМ қызметінің құрылымына мынадай бөлімдер кіреді:
- 1) Офис-тіркеуші бөлімі;
- 2) Студенттер бөлімі;
- 3) Оқу үдерісінің мониторингі бөлімі
ОҮҰжМ қызметінің негізгі мақсаты оқу процесін ұйымдастыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу үдерісінің нәтижелерін бақылау болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- -Академияның білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
- -Факультеттердің оқу жұмысы көлемінің уақтылы жасалуын және бекітілуін, ПОҚ-ның педагогикалық тапсырмаларының бөлінуі мен орындалуын, оның ішінде сағаттық қордың тиімді пайдаланылуын бақылау.
- – Мамандарды даярлау мамандықтары бойынша оқу үдерісінің кестесін және жеке жоспарларды қалыптастыру мен олардың уақтылы орындалуын бақылау.
- -Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін академияның аудиториялық қорын есепке алу және бөлу, сабақ кестесінің, аралық бақылаулар мен емтихандардың орындалу барысын бақылау;
- -Студенттердің үлгерімін аралық бақылау және ағымдағы аттестаттау барысы мен қорытындыларын талдау және мониторинг жүргізу.