• 29.03.2024

Республикалық жас ақындар айтысы өтті

Авторkaznai

Нау 14, 2022

11 наурыз күні Оқу театрында көрнекті ғалым, ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы ұйымдастырған дүбірлі додада ақын, ұстаз, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Қалиевтің шәкірттері – 10 ақын өнер көрсетті.

Бас жүлдені Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Алтынай Қанапия иеленді. Жүлделі І орын Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті Ердәулет Сардарға, ІІ орын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Бекжан Базарбекке табысталды. Ал Нұр-Мүбарак университетінің студенті Нұрислам Абитилда мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Алтынбек Ибрагим ІІІ орынды теңдей бөлісті.

Айта кету керек, ауқымды шара аясында Серік Қалиевтің өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Ақынның жаңадан жарық көрген «Жасынның оты» жыр жинағының және Академияның қолдауымен шыққан «Жамбылдың өрендері» кітаптарының таныстырылымы өтті. 

Приемная комиссия