• 05.12.2021

«Сын шеберлігі» пәні бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті

Авторkaznai

Нау 30, 2021

16.03.2021ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының «Өнертану» мамандандыруы мен  Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» факультетінің  «Өнертану» мамандандыруының   2-3 курс студенттері және Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Өнер мәдениет және спорт институты, «Көркем білім» кафедрасының 3-курс студенттері арасында «Сын шеберлігі» пәні бойынша  XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші  кезеңі өтті. Бағдарлама бойынша студенттерге «Қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Х.Наурызбаевтың шығармашылығы», «Бүгінгі Қазақстан бейнелеу өнерінің өзекті мәселелері», «Еркін тақырып: Қазақстан және шетел суретшілерінің   шығармалары (стилистикалық талдау)» атты үш тақырып бекітілді. Сайысқа «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Оразқұлова Қалдыгул Серікбаевна, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасының Өнертану PhD докторы, аға оқытушы, «Қазақ өнерінің қайраткері» Рысымбетов Ержан Құрбанәліұлы; өнертану магистрі- аға оқытушы Кенжебаева Лайла; оқытушы- өнертану магистрі Джабыкбаева Меруерт; оқытушы PhD доктор Мусабекова Лаура қазылық етті. Жауапты хатшы: өнертану магистрі оқытушы Абдрахманова Ақерке болды.

Байқау нәтижесінде:

1 орын –Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Көпжүрсін Әйгерім( Ғылыми жетекшісі: оқытушы – өнертану магистрі Джабықбаева М.Б.).

2 орын – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс студенті Тулькенова Диляра ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы – PhD доктор  Мусабекова Л.Д.).

2 орын – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс студенті Шинтермирова Айжан ( Ғылыми жетекшісі: оқытушы – PhD доктор Мусабекова Л.Д.).

3 орын – Қазақ ұлттық өнер университетінің  3 курс        студенті Ғалымқызы Мерей  ( Ғылыми жетекшісі: профессор- өнертану кандидаты Асылбекова А.М.). 

3 орын – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Өнер мәдениет және спорт институты 3 курс студенті Нуржума Шахизат ( Ғылыми жетекшісі: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент -Ақбаева Ш.А.

3 орын –  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 курс студенті  Ережеп Жарас (Ғылыми жетекшісі: оқытушы – PhD доктор Мусабекова Л.Д.).


Алғыс хат –  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курсстуденті  Шаяхмет Айсұлу (Ғылыми жетекшісі: оқытушы-өнертану магистрі Джабықбаева М.Б.)

Алғыс хат –  Қазақ ұлттық өнер университетінің  2 курс студенті Шынарбек Назерке (Ғылыми жетекшісі: профессор- өнертану кандидаты Асылбекова А.М.    ) марапатталды.

Алғыс хат – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Өнер мәдениет және спорт институты 3 курс студенті Бияхметов Нұртас марапатталды.( Ғылыми жетекшісі: Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент -Ақбаева Ш.А.