• 09.12.2021

С Ү Й І Н Ш І !

Авторkaznai

Шіл 17, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ» факультетінің оқытушысы, PhD доктор, режиссер Шәрипа Оразбаеваны Лондондағы 22-ші Rainbow Film Festival халықаралық кинофестивалінде иеленген «Үздік әйел режиссер» марапатымен құттықтаймыз!

Аталмыш марапатты режиссер «Мәриям» атты толықметражды фильмі үшін алды. Бұған дейін фильм Францияның Везуль қаласында өткен Азия киносының халықаралық фестивалінде гран-при иеленген.

Айта кетейік, «Мәриям» фильмі бүгінгі әйел бейнесін жан-жақты, шебер жеткізуімен айрықша. Туынды күйеуі жоғалғаннан кейін төрт баласын жалғыз өсіруге мәжбүр болған ананың шынайы оқиғасы желісінде түсірілген. Басты рөлде Меруерт Сабуссинова өзін өзі сомдаған. Дәл осы Меруерттің басынан өткен ауыр оқиға режиссерді шабыттандырып, толықметражды фильм түсіруге шешім қабылдаған.

Құрметті Шәрипа Оразбаева, қазақ киносын халықаралық аренада дәріптеп жүрген Сізге табыстар мен жетістіктер тілейміз! Өнер кеңістігінде бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Еңбегіңіз елене берсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған