• 05.12.2021

Түлектерге диплом тапсыру рәсімі онлайн форматында өтті.

Авторkaznai

Мау 25, 2021

25 маусым күні, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында түлектерге диплом тапсыру рәсімі онлайн форматында өтті.

Салтанатты онлайн жиынға 200-ден аса түлек, профессор мен оқытушылылар, ата-аналар қатысты.

Шараның шымылдығын академия ректорының уақытша міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының докторы, профессор – Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков ашып, түлектерге ақ жол тіледі.

«Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, академия түлектері! Сіздерді бүгінгі диплом алу қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бүгінде дүниежүзілік аренада өзіндік жолы қалыптасқан, сыртқы саясаты бар зайырлы, демократиялық елдің түлегісіздер. Ата-бабаларымыз кең байтақ қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен бізге аманат етіп қалдырып кетсе, ары қарай сол ұлы жолды ақыл-парасатпен, асқан біліммен, биік санамен сақтап қалу сіз бен біздің қасиетті парызымыз. Бүгін міне, оқып, білім алған қара шаңырақ, білім ордасымен қоштасып, өмір атты үлкен мұхитқа өз кемелеріңізді салатын сәт туып отыр. Біздің ұстаздар берген білім, ұстаздар берген тәрбие сіздерді адастырмайды деп ойлаймын. Сіздер келешекке қандай үміт-сеніммен қарасаңыздар, біз де сіздерден үлкен үміт күтеміз. Егеменді еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Сапарларыңыз сәтті болсын!»,-деді Ш. Әмірбеков.

Сағат 10.00-де «Өнертану», «Хореография», «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеттері мен «Медиажурналистика» кафедрасының түлектеріне, сағат 14.00-де «Театр өнері», «Музыкалық өнер», «Кино және телевизия» факультетінің бітірушілеріне диплом тапсырылды.

Онлайн жиында факультет декандары түлектердің үлкен өмірге жолдама алып, маман болған қуаныштарымен құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл академия қабырғасында білім алған 415 түлекке – «бакалавр», 64 бітірушіге – «магистр» дәрежесі берілді. Екі докторант – «Режиссура» мамандығы бойынша докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

#ЖүргеновАкадемиясы
#ТүлектерКүні

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған