• 16.04.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы журналистер мен БАҚ өкілдерін кәсіби меркелерімен құттықтайды.

Авторkaznai

Мау 28, 2021

«Журналистер күні» маусым айының соңғы жексенбісінде бейресми аталып келген болатын. 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде бекіткен болатын. Үкіметтің қаулысымен 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленді.

Шерхан Мұртаза айтпақшы: «Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер еңбегі қашанда жоғары бағаға лайық.
Қолына найза орнына қаламын алып, репортерін асына дүрбелең дүние дауына халықтың атынан сөз жолдап, қоғам жетелеген шытырман жолдардан адастырмай алып шығар қиын да, қызықты кәсіпті мойнына тайсалмай жүк еткен сіздерге мың алғыс.

Шын көңілден сіздердің қызығы мен қиындығы мол журналистік қызметтеріңізге тек қана шығармашылық табыс, жанға рухани қуат беретін сүйікті кәсіптеріңізге мол нәсіп тілейміз!
Аспанымыз ашық, халқымыз тыныш, сүйікті Қазақстанымыз өркендей берсін!

#Академия_Құттықтайды

Приемная комиссия