• 28.05.2024

“Шығыс жұлдыздары: Ұрпақтар сабақтастығы” атты тілдер апталығының бағдарламасы

Авторkaznai

Қаз 24, 2023

«Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

2023 жылғы 23 қазанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Медеу ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

Мерекелік іс-шараға қатысушылар: Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қала жұртшылығы, қала мектептері мен ЖОО педагогтары, жастар, БАҚ өкілдері.

Жиналған халық алдында Медеу ауданының әкімі Оразалин Еркебулан Нурланович сөз сөйлеп, құттықтау арнады. Аудан әкімі еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, белсенді қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін азаматтардың үлкен тобына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында педагогикалық қызметі үшін білім беру саласының көрнекті өкілдері – қаланың жоғары оқу орындары мен мектептерінің педагогтары болды.

Мерекелік іс-шара бағдарламасында Алматы қаласы ҚХА шығармашылық ұжымдарының, қазақстандық эстрада жұлдыздарының, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттерінің, көңілділер және тапқырлар клубы мүшелерінің және т.б. өнер көрсетуі жоспарланды.

Марапатталғандардың қатарында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары және студенттер де болды:

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, профессор – Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы;

тарих магистрі, аға оқытушы – Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы;

«Эстрада вокалисі» мамандығының студенті – Кабидолла Дания.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия