• 20.05.2022

Ғарышкерлер күні: «03+BAİQOÑYR» көрме-презентациясы өтеді

Авторkaznai

Сәу 11, 2022

Елімізге, сондай-ақ, шет елдерге де аты мәлім, танымал суретші-новатор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Болат Тұрғынбай өз шеберханасындағы студент, магистранттармен бірге кескіндемедегі жаңа туындылар топтамасын көпшілік назарына ұсынады.

«03+BAİQOÑYR» көрме-презентациясы 12 сәуір күні сағат 16:00-де Академия фойесінде өтеді деп жоспарланған.

Бейнелеу өнері саласында заманауи, жаңашыл, өзекті өнер туындысын салу ең алдымен жаңа бағытты, стильді талап етеді. Суретші өзін қоршаған ортаның ерекшелігін, тылсым сырын, өмірге деген көзқарасын, таным-талғамын өз шығармашылығындағы қолтаңбасы арқылы көрсетуге тырысады. Профессор Болат Тұрғынбай алғашқы «космо-арт» бағытындағы туындылар топтамасына өзінің авторлық «Сана-арт» стильдік атауын берді. «Сана-арт» – цифрлық болашақ өнері.

«03+BAİQOÑYR» атты көрме-презентацияның атауында да өзіндік мән бар. Көрме шығармашылық пен арман секілді адамның рухани дүниесінің ғарыштық кеңістікпен ұштасып жатқанын көрсетеді және ол символикалық түрде 12-сәуір – халықаралық космонавтика күніне белгіленген.

Ғылым мен техникалық қарыштап дамып жатқан заманда шығармашылық ізденіспен белгілі бір дәрежеде мәдени, рухани жетістіктерге қол жеткізіп, ұлттық өнерді жаңа қырынан көрсетуге ұмтылған профессордың шеберханасында білім алып жатқан студенттер мен магистранттардың көрме-презентациясының басты мақсаты да осы.

 «03+BAİQOÑYR» көрмесіндегі жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу, бағыт-бағдар бере отырып өнер әлеміндегі шексіз космосқа жол ашу.

Суретші қиялының ұшқырлығы, әлемді тануға ұмтылысы, көрерменге ұсыну формасы, қалыпты форматтан өзгешелік көрмеге келушілерді бейжай қалдырмасы анық.

Приемная комиссия