• 03.11.2024

«Ғылыми әлеуметтік желілер және индекстелетін базалар» вебинары

Авторkaznai

Сен 14, 2021

2021 жылдың 14-ші қыркүйегінде ғылыми-редакциялық бөлім                                Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы ғалымдарының дәйексөз индексін арттыру мәселесі бойынша ResearchGate, Researcher ID, Mendeley, Google Scholar ғылыми әлеуметтік желілерінде жұмыс бойынша вебинар өткізді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің (КОКСОН) басылымдар тізбесіне кіретін және Академияның білім алушылары мен оқытушыларының жариялау қызметін жандандыру үшін Scopus және Web of Science базаларына кіретін нақты журналдар ұсынылды.

Спикерлер ретінде философия ғылымдарының докторы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ. З. Халықов және өнертану кандидаты, ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы Д. Д. Уразымбетов сөз сөйледі.

Сұрақтар бойынша ғылыми-редакциялық бөлімге (26 кабинет) хабарласуға болады.

Приемная комиссия