• 05.12.2021

Қастеев музейі кітаптарының тұсаукесері

Авторkaznai

Қаз 12, 2021

2021 жылдың 7-ші қазан күні Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының қызметкерлері ғылыми әдебиеттерді, соның ішінде монографияларды, каталогтарды және басқа да кітаптарды Академия кітапханасына сыйға тартты.

Тұсаукесерді өнертану кандидаты, ғалым хатшы Екатерина Резникова және Қазақстан бейнелеу өнері бөлімінің кескіндеме секторының жетекшісі Сандуғаш Мырзабекова өткізді.

Құттықтау сөзді философия ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қабыл Халықов сөйледі. Тұсаукесер модераторы өнертану кандидаты, ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы Дамир Уразымбетов болды.

Сыйға тартылған кітаптар арасында:

  1. Қазақстан бейнелеу өнері. Кескіндеме. I, II, III том. Алматы. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы, 2020.
  2. Акварель Казахстана. Каталог. Алматы, 2019. 207 с.
  3. Аманкелді Кененбаев. Суретші шығарған туындыларының альбомы. Алматы, «RUAN» баспасы, 2018. 180 б.
  4. Архив Аллы Дубровиной. Алматы, 2014. 279 с.
  5. Титов Г. Приглашение к путешествию, 2021. 45 с.
  6. Арсен Даутбаев. Каталог. Алматы, 2018. 99 с.
  7. Мүсін. Скульптура. Sculptura. Каталог. Алматы, 2010. 207 с.
  8. Бабалар аңсаған тәуелсіздік. Көрме каталогы. 2016.
  9. Мәдениет кеңістігі және сана. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналады. Алматы, 2021. 197 б.
  10. Қастеев оқулары — 2019. Ғылым және музей: Теория және практика. Алматы, 2019. 218 б.
  11. Kazakhstan Crafts and Creative Economy, 2020. 104 p.
  12. Көркемдік әдіс онтологиясы. Алматы, 2020. 224 б.
  13. Абай халық даналығы. Абай мудрость народа. Abay windom of nation. Алматы, 2020. 152 б.
  14. Yerbolat Tolepbay. Five days. Бес күн. Пять дней. Алматы, 2017. 83 б.

Кездесуге академия студенттері мен оқытушылары, кітапхана жетекшісі қатысты.

Жаңа әдебиеттер академия студенттері мен оқытушыларының зерттеушілік және шығармашылық ізденістеріне демеу болады деп үміттенеміз!

Біздің Академия үшін керемет сыйлықтар үшін Қастеев мұражайына алғыс айтамыз! Фотосуреттер: Д. Уразымбетов, А. Әлімбеков