• 29.11.2021

Ұстаздар күні құтты болсын!

Авторkaznai

Қаз 3, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы атынан барлық ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мерекелік күндердің тізбесінде Ұстаздар күнінің орны ерекше. Себебі, ұстаз – ұлттың тәрбиешісі. Қоғамның келешегі, еліміздің болашағы – ұстаздар, Сіздердің қолдарыңызда.

Ұстаз болу үшін асқан шыдамдылық пен қажырлы еңбек қажет. Маңызды мамандыққа болмыстарыңызбен, тереңдіктеріңізбен, мейірімдеріңізбен төккен маңдай терлеріңізге айтар алғысымыз ұшан-теңіз.

Адамзат алдындағы өлшеусіз қызметтеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өрелі жұмыстарыңыз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңіздің табысты болуына жүрекжарды ниетімізді білдіреміз.

Ардақты ұстаздар, Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге жеміс, жанұяларыңызға амандық, көңілдеріңізге шаттық, еліміздің игілігі үшін атқарып жатқан жауапты да маңызды істеріңізге сәттілік тілейміз! Асқар таудай биіктеріңізден еш төмендемеңіздер!

#Академия_Құттықтайды