• 10.11.2024

Әлібай Бапановтың «Аспан мен жер» атты жеке көрмесі өтті.

Авторkaznai

Окт 8, 2021

7 қазан күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, кескіндеме, гобелен және қолданбалы өнер шебері Әлібай Бапановтың «Аспан мен жер» атты көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің ашылу рәсіміне Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шәріпбек Әмірбекұлы Ағабаев, ҚазҰӨА «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділдә, Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Орынбасарұлы Жұбаниязов, өнертанушы Ермек Тоқтағанұлы Жангелдин мен көрме кураторы Баян Барманқұлова қатысты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының у.м.а. Шәріпбек Ағабайұлы мереке қарсаңында ұйымдастырылған көрменің ашылуымен құттықтап, суретшінің тұлғалық қасиеттері жайлы баяндады: «Әлібай суретшілер мектебін қалыптастырған тұлға. Бүгінде өнер академиясында ұстаз болып отыр. Дегенмен әр уақытта өзінің шығармашылығын ұмытқан жоқ. Болашақта осындай көрмені әлемдік деңгейде ұйымдастыруға тілектеспін»,- деді.

ҚазҰӨА профессоры Бауыржан Байділдә: «Бейнелеу өнері еркіндікті жақсы көреді. Бүгінгі көрмеден сол еркіндіктен үлкен шығарманың шыңына қойылған сан түрлі техникадағы еңбектерін көруге болады. Суретшінің көрмеге қойылған 70-тен астам жұмысы терең мазмұнымен және жарқындығымен ерекшеленеді. Бірегей туындылардың мазмұны көшпенділердің негізгі бағыт-бағдарымен үндес. Автордың қай шығармасын алып қарасақ та, ғажайып туындыларда біздің ұлттық бірегейлігіміз айқын көрінеді,– деді.

Шебердің шығар­машылығы – тағдыр суреттері. Бірегей туындылар дәуірдің кескін-келбетін сызып шығады. Әрбір туындысы бабатаныммен тіндесіп, тұлғаланып, топтасып келуімен ерекше. Былайша айтқанда, ба­йырғы қазақтың бейнесін көргіңіз келсе, автордың көрмесіне барыңыз. Көрме 7 қарашаға дейін жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия