ҚазҰӨА-тарихы
Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтында (қазіргі Консерватория) театр бөлімі ашылған кезден басталды. 1977 жылы оның негізінде Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты (АМТКИ) құрылған. Басшылық еткен ректор Г. Жанысбаевамен бірге (1978-1985 жж.) театр факультетінің алғашқы ұйымдастырушылары мен ұстаздары отандық ғылымның, мәдениет пен өнердің тұтас дарынды легі болды, олардың ішінде А.Тоқпанов, Р.Қаныбаева, Г.Рутковская, Т.Наурызбаева, А.Кұлбаев, Д.Тұранқұлова, М.Омарбаева, Е.Сегізбаев, Д.Сүлеев, Ж.Қапесов, Д.Арынғазиева, Г.Жұмағалиева және т.б. профессорлар бар.
Академия тарихындағы елеулі кезең, 1979 жылы алғаш студенттерін жинаған көркемөнер факультетінің ашылуы болды. Бөлімнің бастауында танымал суретшілер мен сурет өнерінің қайраткерлері тұрды: К.Тельжанов, М.Кенбаев, К.Шаяхметов, Е.Мергенов, Т.Досмағамбетов, Е.Сергебаев, Т.Карибжанов, М.Жакубалиев, К.Тыныбеков, М.Калимов, Б.Уморбеков, Д.Сүлеев, К.Оспанов. Институттың құрылу кезеңі оқытушылықта ғылыми тексерілген стиль мен жоғары теориялық деңгейді енгізген тарих ғылымдарының докторы, профессор, ректор С. Дорженовтың есімімен байланысты.
1989 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР министрлер кеңесі Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институтына, мәдениет және өнер саласының дамуына зор үлес қосқан, Қазақстан халық ағартушылар комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтің атын беру туралы қаулы қабылданды. Қазақстанның шығармашыл зиялы қауымын тәрбиелеудің тамаша дәстүрлері жасалды, театр және сурет өнері саласында кәсіби білім берудің іргетасы қаланды, жаңа факультеттер мен шығарушы кафедралар ашылды,
1987 жылдан 1989 жылға дейін АМТКИ-дің ректоры А. Кулбаев болды. 1989 жылдан 1991 жылға дейін ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор А. Сыгай болды. 1991 жылы АМТКИ негізінде екі мамандандырылған жоғары оқу орны құрылды: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, ректоры -ҚР халық әртісі, профессор Е. Обаев, кейіннен – ҚР халық әртісі, профессор Т. Теменов және Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы, ректоры – педагогика ғылымынң кандидаты, профессор У. Ибрагимов.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты кинематографияның ұлттық мамандарын дайындайтын Қазақстанның өзіндік киномектебі мен театр актерлері мен режиссерлерін дайындаудың қалыптасқан дәстүрі бар ұлттық театр мектебінің білім беру концепциясы болып табылды. Есімдері мен шығармашылықтары қазақ театр өнерінің шежіресіне мықтап енген Институттың атақты түлектері – А. Әшімов, Ф. Шарипова, С. Сейтметов, Н. Мышпаева, М. Жақсымбетова, С. Оразбаев, И. Обаев, М. Байсеркеұлы, В. Пусурманов, А. Сыгай, Г. Әспетова, Т. Жаманқұлов, Д. Жолжақсынов, Т. Мейрамов, Р. Рымбаева, Б. Атабаев, К. Сұлтанбаев, Қ. Тастанбеков, Т. Теменов, М. Өтекешова, Г. Қазақбаева және басқалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемдекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылып, оған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А. Қышқашбаев ректорлық етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына арнайы атау беру туралы» жарлығына сәйкес, академияға «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» деген ерекше атау берілді.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры ретінде ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, философия докторы (PhD) Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.
2014 жылы азақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы тағайындалды.
2018 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері,философия ғылымдарының докторы Маемиров Асхат Максимұлы тағайындалды.
2019 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы сайланды.
2022 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды тағайындалды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры қызметіне Жудебаев Арман Әділханұлы тағайындалды.
Бүгінгі күні ректорат құрамына оқу және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор – саяси ғылымдарының докторы,профессор Амирбеков Ш.А, ғылыми жұмыс бойынша проректор – философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов К.З., әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректор – заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ергөбек Ш.Қ . кіреді.
Академия ұжымы өз шеберліктерін заманға сай жетілдіре отырып, шығармашылық қызметпен белсенді түрде айналысады. Бұған пофессорлық-оқытушылық құрамның айрықша шығармашылық жетістіктері куә. Академияда дайындықтың барлық бағыттары бойынша шығармашылық жұмыс табысты жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары 50-ден астам көркем, деректі және анимациялық фильмдер түсірілді. 200-ден астам фильм мемлекеттік тілге аударылды. 50-ден астам театр қойылымы жасалды. 100-ден астам концерттер мен бенефистер өткізілді. 50 хореографиялық композиция құрылды. Академияның 80-нен астам оқытушысы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық, республикалық фестивальдер мен байқаулардың дипломанттары болды.
Академияда 6 факультет,4 академиялық кафедра жұмыс атқарады:
1) Театр өнері 2) Кино және ТВ; 3) Хореография; 4) Кескіндеме, мүсін және дизайн; 5) Өнертанушылық; 6) Музыка өнері. Мамандарды дайындау бойынша 23 кафедра жұмыс жасайды, оның ішінде 17 шығарушы, 6 жалпы академиялық болып табылады. 2008 жылы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бөлімі ашылды. 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап академия құрамына Республикалық көркемөнер колледжі қосылды, сол уақыттан бастап өнер саласында көп тармақтылы мамандарды даярлау басталды: мектеп-интернат – 7-9 сыныптар (бастапқы көркемөнер дайындығы), колледж (техникалық және кәсіби білім), ЖОО (жоғары арнайы оқу орны), сонымен қатар ЖОО кейінгі білім (магистратура және докторантура PhD).
Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы 400-ден астам адамды құрайды. Оның арасында 11 ҚР халық әртістері, оның 2-і КСРО халық әртісі, 15 ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаттары, 11 Тарлан тәуелсіз сыйлығының лауреаттары, 68-і мәдениет және өнер саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, 29-ы халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдар лауреаттары, 40 ЖАК профессорлары мен ғылым докторлары, 58-і ғылым кандидаттары, 15-і PhD докторлары, 50-і доценттер. Профессорлық-оқытушылық құрамның, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері өнертану мен кәсіби білім берудің басым бағыттары бойынша жүргізіледі.