2023 жылдың 17 қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының галереясында «Көркемсурет» кафедрасы мен Жас суретшілер одағының қолдауымен « Алтын күз» көрменің салтанатты ашылуы және студенттік пленэр байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Пленэрге «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің студенттері қатысып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Үздік түс» номинациясының жеңімпазы – Еркін Аружан, монументалды кескіндеме 3 курс.
«Авторлық стиль» номинациясы бойынша жеңімпаз – Иса Ади, станоктік кескіндеме 3 курс.
«Күннің үздік күйі» номинациясының жеңімпазы – Мырзағалиева Мадина, станоктік кескіндеме 4 курс.
Жетекшілері: Сатаев Н.Қ., Агатаев С.З.