2024 жылдың 13 және 14 қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне арналған маңызды шеберлік сабақтар өткізілді.
13 қарашада Милан қаласындағы Еуропалық Дизайн Институтының профессоры Джейн Рюс Скаффиди Аббате «Сән индустриясындағы эко-дизайн және айналмалы экономика» тақырыбында дәріс оқыды. Ол студенттерді тұрақты даму қағидаларымен таныстырып, оларды италиялық «Made in Italy» философиясымен үйлестіре қолдану жолдарын көрсетті. Студенттерге дәріс соңында IED сертификаттары табысталды.
14 қарашада «КазСПО-N» ЖШС бас директоры, танымал модельер-конструктор Елена Свечникова «Fashion-брендті жобалау. Жас дизайнер неден бастау керек?» тақырыбында мастер-класс өткізді. Шеберлік сабағы барысында студенттер бренд тұжырымдамасын құру, авторлық мудборд жасау, айдентика мен нейминг жобалау және фирмалық стильді әзірлеу процестерімен танысты. Елена Александровна «ZIBROO» және «ALERMA» брендтерінің мысалында материалдарды түсіндіріп, студенттерге тәжірибелік кеңестер берді.
Бұл шеберлік сағаттар студенттерге сән индустриясына қажетті маңызды білім мен тәжірибе беріп, олардың болашақта кәсіби дизайнер ретінде қалыптасуына септігін тигізді.