2024 жылғы 19-21 қараша аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Дизайн» бағыты бойынша 17-ші Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың алғашқы кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі міндеті – студенттердің кәсіби дайындығын бағалау және олардың шығармашылық әлеуетін ашу. Сонымен қатар, болашақ мамандар арасында тәжірибе алмасу мен идеялармен бөлісу үшін платформа құру маңызды мақсаттардың бірі болды.
Іс-шараға 3-4 курс студенттері қатысты. Олар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:
- Графикалық дизайн;
- Сәулеттік дизайн;
- Ландшафттық дизайн.
Бірінші кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылдың ақпан айында өтетін финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Финалда олар өз жобаларын жоғары деңгейде ұсынып, республика үздігі атағы үшін жарысады.
Олимпиада ҚазҰӨА-ның дизайн саласындағы көшбасшы оқу орны ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға алдағы финалда сәттілік тілейміз!


