2024 жылғы 21 қазан күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде ұлттық мереке – Республика күніне орай «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы және «Қазақстандық философиялық конгресс» ұйымы бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – студент жастардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін насихаттау, этносаралық толеранттылықты және қоғамдық келісімді нығайту, патриоттық тәрбиені дамыту болды.
Алдымен жоғарыда аталған ұйымдардың басшылары құттықтау сөз сөйлеп, Республика күніне арналған жылы лебіздерін білдірді. Содан кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен магистранттары дайындаған концерттік бағдарлама көрермендерге ұсынылды.
Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті Божбанбаев Б.