«Студенттік және ғылыми жұмыста плагиаттың алдын алу, практикалық мысалдар мен кеңестер» тақырыбындағы тренинг-вебинар
Академияның оқытушылар құрамы 20 қыркүйекте Plagiat.pl компаниясының атқарушы директоры Али Тахмазовтың және Қазақстандық кеңсе командасы мүшелері өткізген ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынаарналған тренинг-вебинарға қатысты.
Вебинарда берілген ақпарат:
- 1. Ұқсастық есебін түсіндіру;
- 2. Ғылыми және студенттік жұмыстарды бағалау әдіснамасы;
- 3. Деректер базасы;
- 4. Тапсырманың функционалдығы және Кросс-тексеру;
- 5. Плагиат модулі қалай жұмыс істейді;
- 6. ЕО елдерінде қолданылатын студенттердің жұмысын тексеру практикасы мен процедурасы;
- 7. Жеке тексерулер: жүйеде қалай тіркелу және сайтта өз жұмысыңызды жеке тексеру туралы ақпарат.
StrikePlagiarism.com өкілдері құжаттарды плагиатқа тексеру кезінде құжат сайттың дерекқорына пайдалану үшін қосылмайтындығын мәлімдеді. Сайт бағдарламасы 100-ден астам тілде, соның ішінде қазақ тілінде де аударма ұқсастықтарын іздей алады.