Құрметті оқырман! Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті — рухани жаңғыруда екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге адаспай тауып жете аламыз. Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының әлі де жалғасын тауып келе жатқандығын хабарлайды.
«Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры, филос.ғ.к. Жанарбек Берістен өзінің «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда 750» атты альбомын сыйға тартып, акцияға үлесін қосып отыр. Альбом монография – Алтын Орда ұлысының орнындағы барша халықтар суретшілерінің шығармаларын біріктіріп отырған ең алғашқы еңбек. Талантты 20 елдің суретшілері тарихи тақырыпқа шығармаларын арнап, олардың 100-ге тарта таңдаулы жұмыстары іріктелген. Аталмыш альбом қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрді.
Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы. Білім ордасына құнды альбомды сыйға тартқаны үшін Жанарбек Берістен мырзаға алғысымызды білдіреміз!