2024 жылдың 12-қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «МИР И ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ ГЛАЗАМИ КОЧЕВНИКОВ ЕВРАЗИИ» тақырыбында академия оқытушыларына, ғылыми жетекшілерге, 1-2 курс магистранттары және 1,2,3 курс докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикері — PhD, «Посткеңестік кеңістіктің 100 жасаушысы» Халықаралық рейтингінің номинанты (2009,#53) Амрекулов Нурлан Ауезханович өзінің ғылыми-зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, тақырыбына сай керекті мәліметтерді көрсете отырып баяндама жасады.
Семинар барысында оқытушылар сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар ала алды.





