• 16.10.2024

Мұражайға экскурсия

Авторkaznai

Қаз 16, 2024

Театр факультетінің студенттері ерекше мұражайда!

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультеті “Драма театры және кино әртісі” мамандығының 1, 2 курс студенттері «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары С.Д. Қосназарова мен А.З.Абдыкадыровамен бірге 2024 жылдың 15-қазанында Алматының орталығында орналасқан «Француз үйі» дүкеніндегі  ерекше мұражайға барды. 

Мұндай ерекше ортадағы экспонаттармен кездесу студенттерге өнерге деген жаңа көзқарас пен шабыт сыйлады. Мәдени кеңістікке терең үңілу – болашақ өнер иелерінің ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: мәдени құндылықтарды тану және мұражайлардың тұлға қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын көрсету. Сандық технологиялар үстемдік еткен заманда осындай экскурсиялар студенттердің тарихи мұраны тереңірек түсінуіне және шығармашылықты дамытуда жаңа идеялардың тууына ықпал етеді.

Эстетикалық талғамды тәрбиелеу және білімге құштарлық – өнер саласындағы табысты мансаптың маңызды бөлігі. Сондықтан мұражайларға жүйелі түрде бару – білім беру процесінің ажырамас бөлігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия