Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ерлан Біләл шеберханасының» студенттері әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Кештің басты мақсаты – студенттерді ақын шығармашылығымен терең таныстырып, оның жырларындағы ұлттық рухты, адамгершілік пен махаббатты дәріптеу. Бірінші курс студенттері Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқып, оған жазылған әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл бастама болашақта Абай, Фариза сияқты ұлы ақындардың мұрасын насихаттайтын дәстүрлі жобаға айналмақ.
Мұндай әдеби шаралар студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастырып, олардың шығармашылық дамуына үлкен серпін береді.
Кеш соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, Мұқағали жырының олардың жүректерінде мәңгі сақталатынын айтты.





