Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің құжаттары
Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметі (бұдан әрі — ОҮЖҰҚ) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұдан әрі -Академия) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ОҮЖҰ қызметінің негізгі мақсаты: оқу қызметінің барлық түрлерін жоспарлау, басқару, үйлестіру және бақылау болып табылады.
ОҮЖҰ қызметі студенттерді оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін Академияның оқу үдерісін ұйымдастыру жағдайларын дамытуға бағытталған.
ОҮЖҰҚ негізгі міндеттері:
- — Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру,
- — Оқу үдерісінің сапа жүйесін ұйымдастыру;
- — Академиядағы оқу жұмысын үйлестіру;
-МЖМБС талаптарына, ҚР ҒЖБМ нұсқауларына сәйкес жоспарлы құжаттаманы (Академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспарлары, анықтамалық -нұсқаулық, студенттердің жеке оқу жоспарлары, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары-есебі және т. б.) әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау;
— Оқу жұмысына байланысты есептерді дайындау;
-Оқу қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жылдық есепті жасау және оқу үдерісінің, емтихан сессияларының барысын бақылау;
— Білім алушылардың үлгерімінің нәтижелері бойынша, кафедралардың, деканаттардың және т. б. жоспарлау және есеп беру құжаттары бойынша академиядағы оқу жұмысының жай-күйін бақылау, есепке алу, талдау және бағалау.
ОҮЖҰҚ құрылымына мыналар кіреді:
- 1) Студенттер бөлімі;
- 2) Офис-тіркеушілер бөлімі;
- 3) Оқу үдерісін үйлестіру бөлімі.