• 22.12.2024

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Шет тілдері және ҚХА кафедрасының Тілдер апталығы бойынша есебі

Авторkaznai

Мар 6, 2024

2024 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында  Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Шет тілдері және ҚХА кафедра меңгерушісі доцент Канлыбаева Жанат Серікбайқызы жетекшілігімен шет тілдер апталығы өтті. Тіл апталығы «ӨНЕР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» атты тақырыпта өткізілді. Сонымен қатар тілдер апталығы аясында бірқатар іс-шаралар  жоғары дәрежеде өтті.

26 ақпан күні Шет тілдер жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект жəне өнер» атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті. Тіл апталығы ашылу салтанатында академияның Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ергөбек Шыңғыс Құлбекұлы сөз сөйлеп академия студенттеріне ағылшын тілін меңгеру қажеттілігіне басты мән берулерін атап өтті.

Апта «smART-point» интеллектуалды викторина ойынымен ашылды. Интеллектуалды ойын-викторинаның мақсаты: студенттердің ой — өрісін кеңейту, білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, білімдерін тексеру және өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу.   «smART-point» интеллектуалды ойын-викторинаның шарты — жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Интеллектуалды ойын-викторинаға академия студенттері  арасынан құралған үш команда қатысты. Интеллектуалды ойын-викторина  «Artificial intelligence”, “Art”, “Famous landmarks in the world”, “Holidays and Traditions”, “Great Celebrities” және “My country – Kazakhstan” тақырыптары бойынша топтастырылып, әр тақырып аясында жеңіл және күрделі сұрақтар қойылды.  Интеллектуалды ойын-викторина  талабы бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген командаылар балл жинады. Ойын нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған команда жеңімпаз болып анықталды.


27 ақпанда “How to get empowered, not overpowered, by Artificial Intelligence” тақырыбында дебат (пікірталас) өтті. Аталған іс-шараға Алматы қаласының төменде көрсетілген жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған командалар қатысты.

Дебатқа қатысқандар:

1. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

2. Алматы Менеджмент Университеті;

3. Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ;

4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;

5. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;

6. Абай атындағы ҚазҰПУ.

Дебат ағылшын тілінде өтті. Пікірталас 2 кезеңнен тұрды, 1ші кезеңде 6 команда пікірсайысқа түсті. Өз пікірлерін нақты және толық жеткізе алған 4 команда екінші кезеңге өтті. Көрермендер дауысы бойынша Гран при жүлдесін Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ командасы иемденді. Жүлделі 1ші орынды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер командасы жеңіп алды. 2ші орынды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, 3ші орынды Алматы Менеджмент Университетінің студенттері бөлісті.

28 ақпанында Академияның оқу залында жасанды интеллект пен өнер арасындағы қарым-қатынасқа арналған дәстүрлі АРТАЛАҢЫ отырысы өтті. Отырысқа Академияның барлық факультеттерінің студенттері және Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінен келген студент-қонақтар қатысты.  Жастар – өнердің әр түрлі салаларының өкілдері; артменеджмент, кескіндеме, музыка, театр, мүсін, хореография, дизайн, кино, жасанды интеллект дегеніміз не — бұл адамның кезекті қызығы немесе шығармашылық әлем революциясы ма деген мәселе бойынша өз ойларымен еркін бөлісті. Сонымен қатар  2024 жылдың қаңтарында Швецариянң Давос қаласында өткен әлемдік экономикалық форумда экзистенциалды жасанды интеллектті бақылаусыз пайдалану үлкен қауіп екендігін, жасанды интеллектті қалай ұтымды пайдалану және оны жеңбеу туралы өз ойларымен бөлісті, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті студенттері шет тілдерін үйрену кезінде, оқуда жасанды интеллектті қолдану қаншалықты орынды екенін айтты. 10 студент ағылшын тілінде презентация жасады, студенттік аудитория талқылауға белсенді және қызығушылықпен қатысты. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ербөбек Ш. К. мырзаның  өз ойын,  тілегін студенттерге ағылшын тілінде жеткізгені күтпеген тосын сый болды.  Жасанды интеллект мәселелерін талқылағаннан кейін студенттер әр түрлі тілдерде өлеңдер оқыды, соның ішінде өз шығармалары, нақты тірі өнерді жырлады. Қорытындылай келе, Акшн мамандығының студенттері 2040 жылы жасанды интеллект басымдыққа ие болса, адамның өмірі қалай өзгеруі мүмкін екендігі туралы өздері түсірген шағын фильмді көрсетті.  

29 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы «SPEECH CONTEST 2024» ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша олимпиада-конкурс өтті. Байқау тақырыбы» «өнер және жасанды интеллект». Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының шығармашылық мамандықтарының студенттері арасында академияның «Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының базасында өткізіледі.

Олимпиада-конкурс гибридті форматта 2 турда өтті.

Қазылар алқасы 1-турға қатысушылардың бейне-жазбаларына қарап іріктеу жасады, 2-турда «ARTIFICIAL INTELLIGENCE AND ART» тақырыбында презентациялармен сөз сөйледі. «Speech Contest 2024» олимпиада-конкурсына 9 оқу орнынан барлығы 34 студент қатысты.

Екі турдың қорытындысы бойынша қазылар алқасы Қазақстан Республикасының арнаулы орта оқу орындарының ( колледж) студенттері арасында орындарды бөлу туралы шешім шығарды:

Бірінші орын:

Қойшиева Зарина-Маңғыстау өнер колледжі

Екінші орын:

Аязбай Аяжан-Маңғыстау өнер колледжі,

Ибраев Тамирлан-Ақтөбе музыкалық колледжі.Жұбанова.

Үшінші орын:

Жанболатова Әлия — Ақтөбе музыкалық колледжі.Жұбанова,

Қалдыбек Айдын-Маңғыстау өнер колледжі.

Қазақстан Республикасының Шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері арасында орындар бөлінді:

Бірінші орын:

Санаев Даниил- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

Екінші орын:

Қали Айбота-Тұран Университеті,

Паничкина Елизавета- Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

Үшінші орын:

Қалымбетова Аида-Тұран Университеті

Толмачев Даниил- Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

1 наурызында Академия кітапханасында «Шет  тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер апталығы аясында Алғыс айту күніне арналған «ЖҮРЕГІМІЗДЕ ТЫНЫШТЫҚ БОЛСЫН. ДОСТЫҚ САҒАТЫ» (онлайн/офлайн) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Халықаралық дөңгелек үстелдің басты мақсаты – халықты Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және осы ұйымның құрылымдарымен таныстыру, жастарды өз елінің тарихымен және оның мәдени мұрасымен таныстыру болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Шет тілдер және ҚХА кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және академия студенттері;Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері;А.А. Қадыров атындағы Шешен мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы (UIB), Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы;Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арасындағы бағдарлама бойынша, «Флагман» ҚазҰУ мен Американдық халықаралық білім беру кеңестері арасындағы келісім – The Language Flagship Overseas Меморандумына сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың американдық студенттері. Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының қызметі туралы негізгі баяндаманы ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми сараптау тобының мүшесі, т.ғ.к., профессор Шаймерденова М.Д. жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтардың қызметі туралы айтты: Войнце А.В.– Дүнген этномәдени орталығының төрағасы; Мамсуров К.В. – Осетин этномәдени орталығының төрағасы; Ахмадулла В. – «Ариана» ауған этномәдени орталығының құрметті төрағасы, А.А. Қадыров атындағы Шешен мемлекеттік университетінің өкілдері, дөңгелек үстел қонақтары Зум платформасының онлайн режимінде сөз сөйледі: Цуцулаева С.С. – А.А. Қадыров атындағы Шешен мемлекеттік университеті тарих факультетінің деканы, доцент; Абдулвахабова Б.Б., доцент.

Халықаралық дөңгелек үстелге Қазақстанның жоғары оқу орындарынан келген қонақтар қатысты: Кенжебаев Н.Т. – Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің доценті; Анакулиева Г.А. Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің (UIB) доценті; Бектемисова В.А. – Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің доценті. Сондай-ақ әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың «Флагман» — «The Language Flagship Overseas»   бағдарламасы бойынша АҚШ студенттері – Эбби Фитч және  Микаэла Стромберг – «Көпұлтты Қазақстанның өміріне сырттай көзқарас» тақырыбында баяндама дайындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия