• 27.09.2024

Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы

Авторkaznai

Қыр 16, 2024

ТАҚЫРЫП:

Семинар «Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы» (Scopus, Web of Science CC, ResearchGate және т. б.)

«Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы» (Scopus, Science Direct, Web of Science CC, ResearchGate, Google Scholar, ORCID, h-index, және т. б.) cеминары

18 қыркүйекте сәрсенбі күні сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін Кинозалда Ғылыми-редакциялық бөлім “Халықаралық дерекқорлардағы және ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы (Scopus, Web of Science CC, ResearchGate, Google Scholar, Mendeley; h-index)” тақырыбына семинар өткізеді.

Семинарға Академияның оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Семинарда Scopus базасындағы журналдарға мақалалар жазу ерекшеліктері туралы ақпарат беру; Scopus және Web of Science базаларында тіркелу; Базаларда журналдар мен авторларды іздеу; Журнал квартилін анықтау; Журналдың импакт-факторын анықтау; Автордың h-index анықтау, сондай-ақ, ResearchGate, Google Scholar, ORCID және т. б. ғылыми әлеуметтік желілерде тіркелу және мақалаларды орналастыру мәселелері түсіндіріледі.

Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-редакциялық бөлім.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия