• 28.04.2024

“ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ДӘУІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ”

Авторkaznai

Жел 27, 2023

“ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР” КАФЕДРАСЫ

Дөңгелек үстел:

“ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ДӘУІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ”

2023 жылғы 14-15 желтоқсанда “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Цифрлық даму дәуіріндегі ғылыми зерттеулер және білім беру саясаты” атты халықаралық дөңгелек үстелге белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылар:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институты
  • Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасы.

Мақсаты:

Дөңгелек үстелдің мақсаты білім беру сапасын арттыру, ғылыми лингвистикалық мектепті дамыту, білім беруді, ғылымды және практикалық қызметті интеграциялау факторы ретінде гуманитарлық білімнің даму тенденциялары туралы тәжірибе және пікір алмасу болып табылады. Ұрпақтар сабақтастығы идеясы “Дәуір және тұлға” ғылыми-ағарту жобасының командасы қызметінің негізінде жатыр..

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

  • цифрлық дамудың ғылыми зерттеулерге әсері;
  • ғылыми зерттеулерді қолдау үшін білім беру саясатына қажетті өзгерістер;
  • дәстүрлі зерттеу әдістерінен цифрлық әдістерге көшу кезіндегі білім беру саясатының салдары;
  • ғылыми зерттеулерді қолдау үшін қажетті ресурстар мен инфрақұрылым;
  • жыдлдам өзгерістер дәуірінде зерттеушілердің дағдылары мен құзыреттіліктері.

Секциялардың бірінде модератор профессор М. Д. Шаймерденова болды.

Академия оқытушылары хореография және музыкалық факультеттердің І және ІІ курс студенттерін концерттік бағдарлама көрсетілімімен дайындады:

Басшылар:

профессор Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы

доцент Нұрмұхамбетов Ардақ Амангелдіұлы

Концерттік бағдарламаға қатысқан студенттер:

Дәулетбаев Арыстан, Магмұров Азамат, Дамир Үйсімбаев, Нұрсұлу Мұқатқызы, Мацунова Дана, Скитецкая Милана, Қасымова Дамиля, Парадеев Михаил, Печерский Александр, Жаңаталап Мирас.Касенова Жанель, Гордиенко Дарья, Вашурина Владислава.

Би қою:

Маливанова Светлана Игоревна-хореография факультеті,

Нұрмағадиева Айжан Сержанқызы-Тараз қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия