2024 жылдың 12-қарашасында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапханасында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Шаманизм метафизикасы мен заманауи трансформациясының өнердегі көрінісі (терапиялық практикасы)» тақырыбында академия оқытушыларына, ғылыми жетекшілерге, 1-2 курс магистранттары және 1,2,3 курс докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикері — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия кафедрасының доценті, философия ғылымының докторы Аташ Берік Мұратұлы өзінің ғылыми-зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, тақырыбына сай керекті мәліметтерді көрсете отырып баяндама жасады.
Семинар барысында оқытушылар сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.



